Петропавлдағы «Радуга» ЖШС – өңірдегі ірі қайта өңдеу кәсіпорындарының бірі. Мұнда цехтардың бірінде күнбағыс дәнін өңдеудің толық өндірістік циклі жолға қойылған. Көпшілік сүйіп жейтін өнімнің шикізаттан бастап дайын қаптамаға дейін қандай кезеңдерден өтеді?


Бүгінде пісте – заманауи жабдықтармен қамтылған, сапасы қатаң бақылауда болатын ауқымды өндіріс. Өндіріс процесі күнбағыс дәнін іріктеуден басталады. Дәндер тазартылып, көлеміне қарай сұрыпталады, кейін қуырылады және қапталады. Барлығы – заманауи құрал-жабдықтарда жүзеге асады.


СНХР: ТАТЬЯНА ЧЕРВЯКОВА, «РАДУГА» ЖШС ТЕХНОЛОГЫ


Кәсіпорын ұжымы – тұрақты, қызметкерлердің көпшілігі мұнда ұзақ жылдар бойы еңбек етіп келеді. Барлығы 27 адам жұмыс істейді. Андрей Симонов өндіріс саласына 16 жылын арнаған. Алғашында жүк тиеуші болып бастаған ол уақыт өте барлық кезеңді меңгеріп, бүгінде оператор қызметін атқарады. Жылдар бойы Андрей негізгі мамандардың біріне айналып, қуыру процесін бақылап, режимдерді қадағалайды, өнім сапасына жауап береді әрі жас мамандардың тез бейімделуіне көмектеседі.


СНХР: АНДРЕЙ СИМОНОВ, «РАДУГА» ЖШС ОПЕРАТОРЫ


Кәсіпорында өз зертханасы бар. Мұнда күн сайын әрбір дән партиясы тексеруден өтеді.

СНХР: ТАТЬЯНА ЧЕРВЯКОВА, «РАДУГА» ЖШС ТЕХНОЛОГЫ


Өнім бүкіл Қазақстан бойынша сұранысқа ие. Кәсіпорын 25 жылдан бері нарықта тұрақты жұмыс істеп, сапа мен тұтынушылар сенімін сақтап келеді.