Петропавл қаласы «Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясына қосылды. Облыс орталығында жалпықалалық сенбілік өтіп, көшелер, аулалар, саябақтар мен гүлзарларды мыңдаған тұрғын тазартты. Бастама Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылуда. Қасым-Жомарт Тоқаев қоршаған ортаға қамқорлық пен тазалық күнделікті өмірдің нормасына айналып, экологиялық мәдениет әрбір қазақстандықтың ажырамас бөлігі болуы тиіс екенін атап өткен.
Мыңдаған солтүстікқазақстандықтар көшелерді, аулаларды, саябақтар мен гүлзарларды тазалауға шықты. Қатысушылар қатарында өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов, қала әкімі Серік Мұхамедиев, мемлекеттік орган өкілдері, еңбек ұжымдары мен жастар бар. Бұл күн аға буын үшін де ерекше болды.
СНХР: ИМАНҒАЛИ ТӘТВАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Қатысушылар тырма мен күрек алып, қоғамдық орындарды ретке келтірді: аумақтарды тазалап, ағаш отырғызды. Бұл - тек бастамасы. Абаттандыру жұмыстары үш айлық аясында жалғасады. Жоспарда инфрақұрылымды жаңарту, көгалдандыру және облыс бойынша ауқымды санитарлық тазалық жұмыстары бар.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Назар тек ағымдағы тазалық жұмыстарына ғана емес, қаланың болашақ келбетіне де аударылды. Өңір басшысына татар ақыны Ғабдолла Тоқайға арналған жаңа сквер жобасы таныстырылды. Ол Мағжан орталығының жанында бой көтереді. Қоғам белсенділерінің айтуынша, бұл таңдау кездейсоқ емес: қос тұлға өмірде кездеспесе де, оларды рухани жақындық біріктіреді.
Тазалық іс-шарасына жастар да белсенді қатысты. «Ассамблея жастары» ұйымының белсенділері қоршаған ортаның жағдайы әр адамның ортақ жауапкершілігі екенін айтады.
СНХ: ВАЛЕНТИНА РЕУТОВА – «АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ» РҚБ ӨҢІРЛІК ӨКІЛДІГІНІҢ БЕЛСЕНДІСІ
Педагогтер үшін мұндай шараларға қатысу – тек абаттандыруға үлес қосу ғана емес, сонымен қатар тәрбиелік мәні зор жұмыс. Экологиялық мәдениет ерте жастан, мұғалімдердің жеке үлгісі арқылы қалыптасады.
СНХ: ЛӘЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА – №17 ҰЛТТЫҚ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУ ОРТА МЕКТЕП-КЕШЕНІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Жалпы өңірде 35 мың ағаш, 13 мың бұта отырғызу және 90 мыңға жуық ауланы және 70 демалыс аймағын тазалау мен абаттандыру жоспарланған.