Наурыз мерекесі қарсаңында Смағұл Сәдуақасұлы атындағы №2-ші мектепте «Армысың, әз Наурыз!» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күнін дәріптеуге бағытталған жиынға оқушылар, ұстаздар және ата-аналар белсене қатысып, ұлттық құндылықтарды насихаттауға ерекше мән берді.
Мектеп аумағында ерекше мерекелік атмосфераға қалыптасты. Ұлттық киім киген оқушылар, әсем безендірілген дастарқандар мен этно-бұрыштар Наурыздың шынайы келбетін айшықтады. Әр сынып өз бағдарламасын ұсынып, қазақ халқының салт-дәстүрлерін кеңінен таныстырды. Қыз ұзату, тойбастар рәсімдері сахналанып, ұлттық ойындар ұйымдастырылды. Сонымен қатар, концерттік бағдарлама аясында ән мен би ұсынылды.
СНХР: АЛЕКСЕЙ ЕСЕНЕЕВ, №2 ОРТА МЕКТЕПТІҢ АЛҒАШҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Мерекелік Іс-шараға оқушылар мен қатар ата-аналар да белсене атсалысты. Қатысушылар ұлттық тағамдармен қатар, өзге ұлттардың да ас мәзірін қамтып, олардың мәдениетінен көрінісін көрсетті. Сонымен қатар, оқушылар мен ата-аналар барша солтүстікқазақстандықтарды наурыз мейрамымен құттықтап, ізгі тілектерін жеткізді.
Осылайша, бұл мейрам ұлттық дәстүрді жаңғыртып қана қоймай, жас ұрпақтың бойында рухани құндылықтарға деген құрметті қалыптастыруға ықпал етті.