Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасында білім беру саласына қатысты маңызды кепілдіктер айқындалған. Ел азаматтарына мемлекеттік оқу орындарында бастауыш және орта білімді тегін алу құқығына кепілдік беріледі. Сонымен қоса, бастауыш және орта білім алу баршаға міндетті болып қала береді.
Әрбір азамат мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде жоғары білім алуға құқылы. Жекеменшік оқу орындарында білім алу заңда белгіленген тәртіпке сәйкес ақылы түрде жүзеге асырылады. Қазақстандағы барлық білім беру ұйымдары бірыңғай стандарттарды сақтауға міндетті. Бұл білімге тең қолжетімділікті қамтамасыз етіп, сапалы міндетті білім беру жүйесіне мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
САЙРАН МАХМЕД, «ТИМИРЯЗЕВ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ» КММ ДИРЕКТОРЫ