Қызылжар ауданының ардагерлер ұйымдары кеңесінің тоғызыншы есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Жиында қатысушылар атқарылған жұмыстардың қорытындысын шығарып, аға буын өкілдерін марапаттады. 

Ардагерлер – ауданның дамуына елеулі үлес қосып, саналы ғұмырын еңбекке арнаған жандар. Кездесу барысында олардың қоғамдық өмірге белсене араласып, жастарға патриоттық тәрбие берудегі еңбегі ерекше аталды. Сондай-ақ, конференцияда аудандық ардагерлер кеңесінің жаңа төрағасы сайланды. Бұл қызметке Абылхан Қайназарұлы Бижанов тағайындалды.

ЗЕЙНЕП ТАНЫБАЕВА – ПРИБРЕЖНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Жиында ауданның ардагерлер ұйымдарының жұмысына талдау жасалды. Валентина Яковлева Қызылжар ауданының ардагерлері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосып отырғанын атап өтті.

ВАЛЕНТИНА ЯКОВЛЕВА – ВАГУЛИН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ

Іс-шара барысында аудандық ардагерлер кеңесінің бірқатар өкілдері көпжылдық қоғамдық қызметі үшін марапатталды. Жиында алдағы кезеңге арналған басым міндеттер айқындалды. Сонымен қатар ардагерлердің алдағы референдумға белсенді қатысатыны атап өтілді