Демалыс күні облыс орталығында Ашихара-карате бойынша республикалық «Солтүстік Кубогы – 2026» турнирі өтті. Додаға еліміздің бірнеше өңірінен жас спортшылар жиналды. Жарыс 5 пен 17 жас аралығындағы балалар арасында ұйымдастырылған. Бұл турнир – алдағы республикалық сынға іріктеу кезеңдерінің бірі.

Ашихара-карате Петропавл қаласында 2019 жылдан бері дамып келеді. Бүгінде өңірде 300-ден астам бала осы спорт түрімен тұрақты айналысады. Федерация құрамында бірнеше білікті жаттықтырушы еңбек етуде. Спортшылар арасында спорт шеберлігіне үміткерлер мен разряд иегерлері бар.

ТОЙЖАН СЫЗДЫҚОВ, СҚО АШИХАРА-КАРАТЕ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Жиын салтанатты түрде ашылғаннан кейін жарыс алаңына алғашқы жұптар шықты. Жас спортшылар бар шеберлігін көрсетіп, тартысты белдесулер өткізді. Сонымен қатар бұл жарысқа өңіріміздің аудандарынан, соның ішінде Ғабит Мүсірепов ауданынан келген спортшылар да қатысты.

ТЕМІРЛАН БІРЖАНОВ, ТУРНИРГЕ ҚАТЫСУШЫ

Спорттық додада үздік өнер көрсеткендер грамоталар мен медальдармен марапатталды. Мұндай турнирлер – өңіріміздің жас спортшылары үшін болашақ чемпиондыққа апаратын алғашқы маңызды қадам.