12-13 ақпан аралығында Жоғары Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжінде Сүйіндік Бегалинді еске алуға арналған футзалдан 18-ші халықаралық турнирдің ашылу салтанаты өтті. Бәсі биік бәсеке 8 команданың басын біріктірді.
Турнирге Қазақстан мен Ресейден келген командалар қатысуда. Петропавл қаласынан бес команда, Щучинск қаласынан бір команда, сондай-ақ Шадринск қаласынан екі құрама бақ сынауда. Қатысушылар екі топқа бөлінді, ойын қорытындысы бойынша әр топтан екі мықты команда анықталады.
СНХ: НҰРҚАНАТ ЕСКЕНОВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Бұл турнир студенттер үшін өздерін көрсетудің, жарыс тәжірибесін арттырудың және колледждің әрі спорттық қозғалыстың дамуына зор үлес қосқан Сағындық Бегалинді еске алудың маңызды мүмкіндігі.
СНХ: МАДИЯР ӘЛІБЕКОВ, ЖОҒАРЫ СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН КӘСІПТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІНІҢ СТУДЕНТІ
Турнир 13 ақпан аяқталады. Жүлдегерлерге кубок пен сыйлықтар табысталатын болады. Сондай-ақ спортшылар «үздік қақпашы», «үздік шабуылшы», деген номинациялар бойынша марапатталады.