Облыстық әкімдікте өңір жетешісі Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы жоспарлар сөз болды. Жиында инвестиция тарту, ауылдарды сапалы интернетпен қамту, білім, медицина салаларында атқарылған жұмыстар талқыланып, алдағы міндеттер айқындалды. Отырыста Ғауез Торсанұлы әр салаға бөлінген қаржыны тиімді әрі мақсатты игеру қажеттегін баса айтты.
Облыстық әкімдікте өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы уақытқа жоспар қойылды. Отырысқа аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов төрағалық етті. Көрсеткіштерге зер салсақ, әр бағыт бойынша оң динамика байқалады. Көшбасшы салалардың бірі - ауыл шаруашылығы. Диқандарымыз биыл қамбаға 6 млн 600 мың тонна астық құйды. Ет және сүт өндірісі 10 пайызға өсті. Аймақ басшысының орынбасары Қанат Дүзелбаевтің сөзінше, инвестиция тарту жұмысы да қарқынды жүріп жатыр.
СНХ: ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СҚО әкімінің орынбасары
Былтыр облыста 2 заманауи мектеп ашылды. 50-ге жуық білім ұясы жөндеу көрді. Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасы бойынша облыста 7 бірдей IT-орталық қолданысқа берілді. Теріскейде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған ауқымды істер атқарылуда.
СНХ: НҰРЛАН КЕҢЕСОВ, СҚО әкімінің орынбасары
Облыстағы ауылдардың 92 пайызы сапалы интернетпен қамтылған. 2028 жылға дейін бұл көрсеткішті 98 пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Жиын соңында аймақ басшысы қатысушыларға нақты тапсырмалар берді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Облыс әкімі халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға ерекше назар аударды. Қатысушыларға есеп үшін емес, нәтиже көрсету үшін жұмыс істеуді тапсырды.