Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасында азаматтардың денсаулығын сақтау құқығы нақты айқындалған. Әрбір азамат заңда белгіленген тәртіппен тегін медициналық көмек алуға құқылы. Сонымен қатар, мемлекеттік және жекеменшік мекемелерде ақылы медициналық қызмет алу мүмкіндігі қарастырылған. Бұл норма денсаулық сақтау жүйесінің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға бағытталған.


Денсаулық – ұлттың ең үлкен байлығы. Мемлекет әр азаматтың дер кезінде әрі сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасайды. Тегін медициналық қызмет заң бойынша белгіленген тәртіппен көрсетіледі. Ал жеке медициналық орталықтардың дамуы қызмет сапасын арттырып, адамдарға таңдау мүмкіндігін береді. Мұның бәрі халықтың дені сау болып, өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.


СНХ: ЛЮДМИЛА СИДИНА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АУРУХАНАСЫ ХИРУРГИЯ ЖӘНЕ ҚАБЫЛДАУ БӨЛІМДЕРІНІҢ АҒА МЕЙІРБИКЕСІ