Ата заңға енгізілетін өзгерістер әділдік қағидаттарын күшейтуге, заң үстемдігін қамтамасыз етуге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын кеңейтуге, сондай-ақ адамның мемлекеттегі ең жоғары құндылық ретіндегі рөлін арттыруға бағытталған. Өңірдің спорт қауымдастығы жаңа Конституция жобасын қолдап отыр.
Қазақстанның жаңа Конституциясы жобасы қос немесе бірнеше азаматтыққа тыйым салады. Яғни, басқа елдің паспортын алу автоматты түрде Қазақстан азаматтығын тоқтатуға әкеледі. Сонымен қатар, Конституция реформасы шетелдегі қазақстандықтардың құқықтарын қорғауды күшейтіп, мемлекетке оларды қолдау жөніндегі міндеттемелерді нақты бекітеді.
АНТОН ЛОПАТИН, БОКС БОЙЫНША БЖСМ БАСШЫСЫ
Реформа адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейтуді көздейді. Мемлекет адамға бағытталған басқару моделін қалыптастыруды негізге алады. Құқықтардың басымдығы, жеке өмірге қол сұқпаушылық, цифрлық дәуірде жеке деректердің қорғалуы, сондай-ақ билік институттары арқылы құқықтық кепілдіктерді арттыру сияқты факторлар жобаның басты бағыттарының бірі.
РУСЛАН ҚОЖАЕВ, ҮСТЕЛ ТЕННИСІ БОЙЫНША ОБЛЫСТЫҚ БЖСМ БАСШЫСЫ
Жаңа жобада қоғамдық қатысу тетіктерін дамытуға, мемлекеттік институттардың жауапкершілігін арттыруға және мемлекеттің әлеуметтік сипатын күшейтуге ерекше назар аударылған.