Алдағы XXV қысқы Олимпиада және XIV қысқы Паралимпиада ойындары Италияда өтіп, әлемнің ең мықты спортшыларын біріктіреді. XIV қысқы Паралимпиадаға ұлттық құрама сапында Солтүстік Қазақстан облысынан 5 спортшы ел намысын қорғайды. Осыған орай облыс әкімдігінде спортшыларды салтанатты түрде шығарып салу жиыны өтті. Іс-шара барысында спортшыларға сәттілік тілеп, ел намысын абыроймен қорғауға тілектестік білдірілді.
Ұлттық құрама сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Владислав Кобаль өнер көрсетеді. Команда мүшелері алдағы жарыста бар күш-жігерін салуға ниетті. Бұл дода – олардың кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеуге мүмкіндік.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
14-қысқы паралимпиада ойындарында еліміз екі спорт түрі, яғни пара шаңғы мен пара биатлон бойынша тоғыз спортшыны жібереді. Олардың қатарында биатлоннан Әлем кубогының жалпы есебін жеңіп алған және Хрусталь глобус иегері - Ербол Хамитов бар.
ЕРБОЛ ХАМИТОВ, ПАРАБИАТЛОННАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫ
17 жастағы Владислав Кобаль алғаш рет халықаралық жарысқа қатысып, еліміздің намысын қорғауға аттанады. Ол ең жас қатысушы ретінде тәжірибелі спортшылармен бірге сайысқа түседі. Бұл жарыс оған өзінің шеберлігін көрсетуге және жаңа тәжірибе жинауға мүмкіндік беріп отыр.
ВЛАДИСЛАВ КОБАЛЬ, XIV ҚЫСҚЫ ПАРАЛИМПИАДА ОЙЫНДАРЫНА ҚАТЫСУШЫ
Облыс әкімінің айтуынша, өңірде инклюзивті спортты дамытуға барлық жағдай жүйелі түрде жасалып келеді. Мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Үміт» клубы жұмыс істейді. «Самұрық-Қазына» корпоративтік орталығы және «Қазақстан халқына» корпоративтік қорының қолдауымен Петропавлда спорттық-сауықтыру орталығын салу жоспарланған.