Петропавлда аграрлық инновациялар саласындағы маңызды іс-шара - «Тұқым күні. Тұқым – 2026. Қызылжар» халықаралық конференция-көрмесі өтті. Жиын екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен іс-шара Қазақстан, Еуропа және ТМД елдерінің аграрийлері, ғалымдары, селекционерлері мен сарапшыларын бір алаңға жинады. Конференция ауыл шаруашылығын дамыту мен жаңа технологияларды енгізу мәселелеріне арналды.
Биылғы іс-шараның ерекшелігі 15-тен астам елдің өнімдері ұсынылып, Германия, Австрия, Қытай, Ресей және Францияның өкілдері тікелей қатысып отыр. Форумға әлемдік брендтер де келді. Соның бірі – мал азығы мен майлы дақылдардың ірі жеткізушісі «Lidea» компаниясы. Ол Франция мен Еуропадағы жетекші тұқым өндіруші компания. Қытай Халық Республикасынан өңірде дәндік жүгері өсіру бойынша сарапшылар келген. Ресейдің Омбы аграрлық ғылыми орталығы да өз өнімдерімен қатысты.
ДӘУРЕН ТОҚҚОЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов көрмемен танысып, ұсынылған тұқым түрлерін жоғары бағалады. Жиында агроөнеркәсіп кешенінің қазіргі даму көрсеткіштері де жарияланды. 2025 жылы өңірде 4,3 миллион гектар алқапқа егін егілді. Жалпы өнім көлемі 1 трлн теңгеден асып, республика бойынша үшінші орынға шықты.
ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Өткен жылы өңір аграрийлері 6 млн тоннадан астам астық жинады, майлы дақылдар бойынша 1,3 млн тоннаға жетіп, ел бойынша бірінші орын алды. 43 тұқым шаруашылығы 95 мың тоннадан астам тұқым өндіріп, аймақтың қажеттілігін қамтамасыз етті. Солтүстік Қазақстан ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы элиталық тұқым шаруашылығы мәртебесіне ие. Мұнда дәнді, дәнді-бұршақты және майлы дақылдардың тұқымын өндіру және сату жүзеге асырылады.
ВИКТОРИЯ АБДУЛЛИНА, СҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТӘЖІРИБЕ СТАНЦИЯСЫ СЕЛЕКЦИЯ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Солтүстік Қазақстанда ауыл шаруашылығы саласының дамуына айтарлықтай үлес қосып келе жатқан кәсіпорындардың бірі - «Зенченко и К» командиттік серіктестігі. Бүгінде бұл атау өңірде қалыптасқан ірі брендке айналған. Шаруашылық дәнді және майлы дақылдар өсірумен қатар, картоп өндірісімен, ірі қара мал шаруашылығымен және сүт өнімдерін өңдеумен айналысады.
ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, «ЗЕНЧЕНКО И К» КС БАС ДИРЕКТОРЫ:
Қозыбаев университеті ерекше жабдық - жем талдағыш анализаторын таныстырды. Оның көмегімен бір минуттың ішінде жемнің сапасын және құрамын анықтауға болады. Сонымен қатар университетте сүттің сапасын тексеруге арналған тағы бір анализатор қолданылады.
ДМИТРИЙ ИЛЬ, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ «АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ» КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ
Өңір тұқымдарына сұраныс шетелде де бар. Өткен жылы Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты ТМД және Азия елдеріне 500 тоннадан астам тұқым экспортталған.