2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы төлемдерінің мөлшері артады. Олар Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен реттеледі. Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, сондай-ақ еліміздің аумағында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ тұлғалар әлеуметтік қолдаудың әртүрлі түрлеріне құқылы. Атап айтқанда, бұл — мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі, жасына байланысты зейнетақы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін зейнетақы төлемдері және еңбек сіңірген жылдары үшін берілетін зейнетақылар.

Еске сала кетейік, Қазақстанда зейнеткерлік жас ерлер үшін — 63 жас, әйелдер үшін 2028 жылға дейін — 61 жас болып белгіленген. 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап енгізілген өзгерістер негізінен базалық зейнетақы төлемін тағайындауға қатысты. Зейнетақы мөлшері бұрынғы сомамен салыстырғанда 10 пайызға артты. Бұл өсім ең төменгі күнкөріс деңгейінің ұлғаюына байланысты жүзеге асырылды.

ЛӘЗЗАТ БУБЕШЕВА – ҚР ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ СҚО БОЙЫНША БАС МАМАНЫ