Балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік желіге қолжетімділігін шектеу қарастырылып жатыр. Тіпті, осы мәселеге қатысты заң жобасы талқылауға шығарылмақ. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева айтты. Министрдің сөзінше, бастама құрылтай мүшелерінің ұсынысы. Қазір Оқу-ағарту, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерімен бірге желі пайдаланушыларының жасын тексеру механизмдері әзірленіп, тіпті жауапкершілік шараларын қарастыру жоспарланып отыр. Яғни, жас шектеуін бұзғандар жауапқа тартылуы ықтимал.