Аққайың аудандық аграрлық колледжі өңірдегі ең көне білім беру мекемелерінің бірі. Білім ордасы 1943 жылы механизация мектебі ретінде құрылып, бастапқы кезеңде үш айлық курстар арқылы тракторшылар даярлаған. Ал қазір оқу орнында жеті жұмысшы мамандығы бойынша білім беріледі.
Оқу орны Қиялы ауылында орналасқан. Колледж дуалды білім беруге ерекше көңіл бөледі Студенттердің практикалық дағдыларын қалыптастыру үшін 13 кабинеті, 4 зертханасы, 3 шеберханасы бар оқу корпусында сабақтар өткізіледі. Сонымен қатар компьютерлік және мобильді сынып, 20 мыңнан астам кітап қоры бар кітапхана, спорт және акт залдары жұмыс істейді. Колледж аумағында 52 орындық асхана мен 75 орындық жатақхана бар.
СНХ: НАТАЛЬЯ СЕЛЕЗНЕВА, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ АГРАРЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Оқу орнында ауыл шаруашылығы мамандарын даярлауда еңбек етіп жүрген тәжірибелі өндірістік оқыту шебері бар. Эйземан Владимир Константинович 20 жылға жуық уақыттан бері жастарға практикалық білім беріп келе жатқан өз ісінің маманы. Зейнет жасында болса да, ол жастармен жұмысын жалғастырып келеді. Себебі ұстаздық оның өмірінің бір бөлігіне айналған.
СНХ: ВЛАДИМИР ЭЙЗЕМАН, ӨНДІРІСТІК ОҚЫТУ ШЕБЕРІ
Сондай-ақ, колледжде алғаш рет облыстық өндірістік оқыту шеберлері арасындағы байқау өтіп жатыр. Өңірдің әртүрлі колледждерінен келген жеті шебер «Үздік аспаз» атағы үшін бақ сынауда.
СНХ: АЛЕКСЕЙ ГОРДТ, БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУШЫ
Биыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында колледждің шатырына күрделі жөндеу жүргізілген. Бұл мақсатқа 63 миллион теңге бөлінген. Сонымен қатар жаңа техника, заманауи дәнекерлеу жабдығы, тамақ дайындау технологиясы алынды. Яғни материалдық-техникалық база едәуір нығайған. Білім ордасында бүгінде 199 студент білім алып жатыр. 21 мұғалім жұмыс істейді. Оның 9-ы өндірістік оқыту шеберлері.