2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша Мамлют ауданы әлеуметтік-экономикалық дамуында оң қарқынын сақтап отыр. Басым бағыттар ретінде ауыл шаруашылығы өнімдерін арттыру, ауданның инфрақұрылымын дамыту және халықтың өмір сүру сапасын жақсарту болып отыр. Брифингте аудан әкімі өңірдің даму бағыты мен алдағы жоспарлар жайлы баяндады.
Соңғы үш жыл ішінде Мамлют ауданына республикалық және облыстық бюджеттен жалпы 9 млрд теңге қаржы бөлінген. Биыл оның 3,1 млрд теңгесі пайдаланылды, бұл 2023 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 22 пайызға көп. Сонымен қатар, ауданның кіріс бөлігі 4,2 млрд теңгеден 5,9 млрд теңгеге жеткен. Мамлют ауданының тұрақты дамуын қамтамасыз ететін және тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыратын негізгі факторлардың бірі — мемлекеттің айтарлықтай қаржылық қолдауы мен ауданның өз кірістерінің өсуі болып отыр.
СНХР: ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудан аумағында көлік инфрақұрылымын дамыту және көлік-логистикалық жүйенің тиімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Аудандағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 648,6 шақырымды құрайды, оның ішінде республикалық маңызы бар жолдар – 93 шақырым, облыстық маңызы бар жолдар – 105 шақырым, аудандық маңызы бар жолдар – 183,6 шақырым. Сонымен қатар, А-21 «Мамлютка–Қостанай» автожолында және елдімекенішілік жолдардың кейбір учаскелерінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді:
СНХР: ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО – МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Ауыл шаруашылығы аудан үшін басым саланың бірі болып саналады. 2025 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 42,2 млрд теңгені құрады. Ет пен сүт өндірісінің артуы ауыл шаруашылығы саласының дамуына және өнімнің ішкі және сыртқы нарықтардағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға тікелей әсер етеді.