Мағжан Жұмабаев атындағы IT мектеп лицейінде «Қызылжар дарыны» орталығының жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін республикалық «Үздік авторлық бағдарлама» байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды. Биылғы додаға қала және аудандық кезеңдерде үздік шыққан 35 педагог қатысты. Байқау үш тілде өткізіліп, мұғалімдер өздерінің пәндік ерекшеліктеріне сай авторлық бағдарламаларын ұсынып, кәсіби біліктілігін көрсетті.
Байқауға облыс педагогтері қатысты. Бұл жоба педагогикалық қауымдастық арасында ерекше танымал. Мұнда ұстаздар өздерінің авторлық бағдарламаларын, оқу-әдістемелік кешендерін таныстырады. Бұл мүмкіндік педагогтерге жаңа идеяларды жүзеге асырып, арнайы бағдарламалар әзірлеуге және білім беруге тың тәсілдерді енгізуге жол ашады.
СНХР: ЖАЙНАГҮЛ ОСПАНОВА — “ҚЫЗЫЛЖАР ДАРЫНЫ” ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ
Аудандық кезең қараша айының басында өткен болатын. Ал бүгінгі облыстық кезеңнің қорытындысы бойынша түрлі бағыттарда, атап айтқанда: жаратылыстану, математика, қоғамдық-гуманитарлық және өзге де салалар бойынша он жеңімпаз анықталды. Қатысушылар қатарында аудандық кезеңнің жүлдегері, 12 жылдық тәжірибесі бар биология пәні мұғалімі Майраш Белгібаева да бар.
СНХР: МАЙРАШ БЕЛГІБАЕВА — БИОЛОГИЯ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
Айта кетейік, биылғы байқаудың республикалық кезеңі 4–5 желтоқсан Алматы қаласында өтеді. Ал облыстық кезеңде үздік авторлық бағдарламасын қорғап шыққан педагогтер келесі кезеңге жолдама алды.