Бүгін Петропавл қаласында Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының Солтүстік Қазақстан филиалы «Солтүстік Қазақстан археологиясы: жетістіктер мен перспективалар» атты дөңгелек үстел өткізді. Іс-шара барысында археологиялық зерттеулердің өзекті мәселелері мен соңғы жылдары атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланды.
2023–2024 жылдары Археология институты Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстарында 20-дан астам археологиялық экспедиция ұйымдастырған.
Егер бұрын Солтүстік Қазақстан аумағында 450 ескерткіш белгілі болса, соңғы зерттеулер нәтижесінде олардың саны 700-ден асып отыр.
СНХР: АҚАН ОҢҒАРҰЛЫ, Ә. Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ
Зерттеу барысында 18 жерде қазба жұмыстары жүргізіліп, палеолит пен неолит дәуірлерін қамтитын материалдарға кешенді талдау жасалды. Осы зерттеулер негізінде 4 ғылыми басылым жарық көріп, жиын аясында олардың тұсаукесері өтті.
СНХР: ТАЛҒАТ МАМИРОВ, Ә. Х. МАРҒҰЛАН АТЫНДАҒЫ АРХЕОЛОГИЯ ИНСТИТУТЫНЫҢ АСТАНА ФИЛИАЛЫНЫҢ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ
Бұл зерттеу жұмыстарына Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының мамандарымен қатар, Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қызметкерлері, Павлодар мен Қостанай облыстарынан, сондай-ақ шетелдік жетекші археологтар мен ғалымдар қатысқан. Осындай кең көлемді ынтымақтастықтың нәтижесінде өңірдің ежелгі тарихына қатысты жаңа деректер анықталып, Солтүстік Қазақстанның археологиялық картасы айтарлықтай толықты.
Ғалымдардың айтуынша, Солтүстік Қазақстан – еліміздің шекаралық аймағы болғандықтан, археологиялық нысандар толық зерттелмеген.
Бұған дейін негізінен Есіл өзені бойындағы ескерткіштер қарастырылса, ендігі мақсат – аймақтың өзге бөліктеріндегі көне мәдени қабаттарды терең зерделеу.