Адамзатты жұлдызды аспан мен бүкіл он сегіз мың ғаламның құпиялары  қашан да қызықтырған. Қазіргі таңда аспан құбылыстарын арнайы қондырғылармен көруге мүмкіндік бар. М.Қозыбаев ат. СҚМУ -нің астрофизикалық  зерттеу орталығына қашанда есік ашық. Оған кез- келген көрермен бара алады. Бүгін де мұнда ғаламшар мен жұлдыздар туралы қызықты да танымды дәріс өткізілді.

Дәріс аяқталғаннан кейін экскурсия жүргізушісі обсерватория мен үлкен телескопты көрсетеді. Университет астрофизиктарының зерттеулерін, астрономия тарихы мен жұлдыздар жайында қызықты әңгімелеп береді.

12-нен 13-ші тамызға қараған түні аспанда жұлдыздар ағады,  «метеорлар жауыны» болады, дейді мамандар. Ал, 27 қырқүйек айдың тұтылмақ. Бұл әдемі құбылыстарды обсерваторияда бақылауға болады.

 

Лаура ТАЛИПОВА