Шілденің бірінші жексенбісі — Ұлттық домбыра күні. Осы орайда осы күнге арналған іс-шараларды Жастар ресурстық орталығы жыл сайын белсенді түрде ұйымдастырып келеді. Биыл да төл аспабымызды дәріптеуге бағытталған іс-шара өткізілді. Оған мектеп оқушылары, студенттер, сондай-ақ волонтерлар белсене қатысты.


Іс-шараны қалалық жастар ресурстық орталығы мен «AMANAT» партиясының «Болашақ» филиалы бірлесіп ұйымдастырды. Оған барлығы 15 бала қатысып отыр. Осы орайда «Алаш» музыкалық мектебінің оқушылары «Ер Тұран» күйін орындап, шараның шырайын аша түсті.

СНХР: ДАМИР АБДИН, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


11 жастағы Батырхан Есентай екі жылдан бері домбыра шертуді үйреніп келеді. Ұлттық өнерге деген ықыласы — қанмен келген қасиет. Атасын үлгі тұтқан ол бүгінде 10-нан астам күйді еркін орындайды. Қолына алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап, бұл аспап оның жан серігіне айналған. Қазір Батырхан атасының өзі шығарған күйін үйренуге талпынып жүр.

СНХР: БАТЫРХАН ЕСЕНТАЙ, «АЛАШ» МУЗЫКАЛЫҚ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ