М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде шығармашылық емтихан тапсыруға және ақылы негізде білім алуға құжат қабылдау жалғасып жатыр. Қазір оқу ордасына түсуге ниетті талапкерлер арнайы комиссияға өтініш беріп, қажетті құжаттарын тапсыруда.
Солтүстік Қазақстан университетінде болашақ мамандардың жаңа легі қалыптасып жатыр. Оқу ордасы шығармашылық емтихан тапсыруға талапкерлерді қабылдап жатыр. Қабылдау науқанына қатысушылардың арасында спорт саласын серік еткен жастар да бар. Солардың бірі – Саят Қадыржанұлы. Мағжан Жұмабаев ауданынан келген түлек балалық шағынан бері күреспен шұғылданып, енді сол тәжірибесін біліммен толықтырмақ. Ол дене шынықтыру пәнінің мұғалімі болуды мақсат етеді.
СНХР:САЯТ ҚАДЫРЖАНҰЛЫ, ТАЛАПКЕР
Шығармашылық емтихан тапсырушылардың қатары күн санап артуда. Қазірдің өзінде 200-ге жуық талапкер тіркеліп үлгерді.
СНХР: АЙГҮЛ НҰРПЕЙІСОВА, М.ҚОЗЫБАЕВ АТЫНДАҒЫ СҚУ АКАДЕМИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМА МҮШЕСІ
Құжат тапсыру орнында медициналық бағытты таңдаған түлектер де бар. Немересінің болашағына алаңдаған Аякөз Шәріпова бүгін оқу ордасына арнайы келіпті. Талапкер – Назарбаев зияткерлік мектебінің түлегі, ҰБТ-дан жоғары ұпай алған.
СНХР: АЯКӨЗ ШӘРІПОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ
Айта кеткен жөн, Қозыбаев университетінің құжат қабылдау комиссиясы Пушкин көшесі бойындағы жаңа оқу корпусында орналасқан. Мамандар құжаттарды таңғы 8-ден кешкі 6-ға дейін рәсімдейді.