Береке шағын ауданында жаңа жалпы білім беретін мектеп салынып бітуге жақын. Құрылыс барысымен Мәжіліс депутаты Серік Егізбаев танысты.
Мектептің құрылысы 2023 жылдың соңында басталған. Нысанды бастапқыда 2024 жылдың желтоқсанында тапсыру жоспарланды. Алайда көктемгі су тасқынына байланысты құрылыс жұмыстары уақытша тоқтатылып, тапсыру мерзімі 2025 жылдың 1 тамызына шегерілді. 1 қыркүйекке дейін техникалық іске қосу жоспарланып отыр.
СНХР: АНДРЕЙ КАЛИНИЧЕВ – «ЕДИНСТВО» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Жаңа мектеп бастауыш және жоғары сынып оқушыларына арналған. Жобада екі спорт зал, заманауи сахнамен жабдықталған акт залы, физика, химия, орыс тілі, еңбек, хореография кабинеттері мен тіпті қыш шеберханасы да қарастырылған. Зертханалар толық жабдықталады. Құрылыс материалдары мен жиһаз – отандық өнім.