Мамлют ауданында жазғы «Ақ бидай» спорттық мерекесі өз мәресіне жетті. Ауданның түкпір-түкпірінен келген 12 команда спорттың 10 түрінен жарысты. Жеңіс тұғырынан көрінген үш команда бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Спорттық мереке бір күнге шақталды. 10 спорт түрі әртүрлі алаңдарда ұйымдастырылды. Ауылдық округтерден келген құрамаларда ерлер де, әйелдер де өнер көрсетті.
СНХ: СЕРІК ҚАНЖЕҒАЛИН- МАМЛЮТ АУДАНЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ
Іс-шараға қатысушылардың әрқайсы спортқа деген сүйіспеншілігі мен саламатты өмір салтын ұстануға деген ұмтылысын көрсете білді. Шеберлігімен көзге түскен спортшылар да назардан тыс қалмады. Оларға арнайы марапаттар мен дипломдар табысталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға қаржылай сыйақы да берілді.
СНХ: ЗАРИНА НҰРҒОЖИНА – САЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Спорттық мерекенің сәтті аяқталуымен «Ақ бидай» қатысушыларын аудан әкімі құттықтады. Елена Степаненко өз сөзінде 2025 жыл аудан үшін жарқын спорттық жетістіктерге толы болғанын атап өтті. Ол ауыл спортының дамуы мен бұқаралық спорттық іс-шаралардың маңыздылығына тоқталып, қатысушыларға алғысын білдірді.
СНХ: ЕЛЕНА СТЕПАНЕНКО, МАМЛЮТ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ
Аудандық жарыстардың қорытындысы бойынша үшінші орынды Қызылту ауылдық округінің командасы иеленсе, екінші орын Қызыләскер ауылдық округінің еншісінде. Ал бас жүлдені Новомихайлов ауылдық округінің командасы жеңіп алды.Жеңімпаздарға демеушілер тарапынан ақшалай сертификаттар, кубоктар мен медальдар табысталды.
СНХ: ЕЛХАН БИМЕНДІ, НОВОМИХАЙЛОВ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ
Ақ бидай - спорт күнтізбесіндегі маңызды әрі көптен күткен іс-шаралардың бірі. Бұл жарыс дәстүрлі түрде ауыл спортын дамытуға серпін береді. Ең үздік нәтиже көрсеткен команда аудан намысын облыстық жарыстарда қорғайды.