СҚО ПД жанындағы кеңес мүшелері республикалық жиынға қатысып, жартыжылдық жұмыс қорытындысын талқылады. «Закладчики. Расплата» фильмі 1,5 млн қаралым жинап, үздік деп танылды. Белсенділер марапатталып, есірткімен күресте қоғаммен бірлесіп әрекет ету маңызды екені айтылды.

Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті жанындағы есірткі құқық бұзушылықтарының алдын алу кеңесінің мүшелері ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Бауыржан Әленовтың төрағалығымен өткен республикалық кеңес отырысына қатысты. Жиын бейнеконференция байланысы режимінде өтті. Онда жартыжылдықтың қорытындылары талқыланды.


Осы орайда, СҚО полицейлерімен бірлесе түсірілген «Закладчики. Расплата» фильмі еліміздегі үздік деректі жобалардың қатарынан көрінді. Алты ай ішінде YouTube желісінде 1,5 миллионнан астам қаралым жинаған. Бейнеконференция аяқталғаннан кейін СҚО ПД бастығының міндетін атқарушы, полиция полковнигі Асқар Мұхаметқалиев кеңестің белсенді мүшелеріне алғыс хаттар табыстады. Олардың арасында №17 Ұлттық жаңғыру мектебінің директоры Ляззат Жалмұқанова да бар.

СНХР: ЛЯЗЗАТ ЖАЛМҰҚАНОВА — №17 ҰЛТТЫҚ ЖАҢҒЫРУ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ 


Полицейлердің айтуынша, есірткіге және есірткі қылмысына қарсы тиімді қорғаныс жүйесін тек азаматтық қоғаммен тығыз өзара іс-қимыл арқылы ғана құруға болады.