Петропавлда Креатив орталығында актерлік шеберлік пен шешендік өнер бойынша шеберлік сабағы ұйымдастырылды. Барлық қызығушылық танытқан азаматтар үшін қатысу тегін.

Шеберлік сабағын Абай Күзембаев жүргізді. Ол – Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияның және Халықаралық кәсіп мектебінің түлегі. Абай Күзембаев сенімділік пен дауыс ырғағын арттырудың тиімді әдістерін таныстырды. Сонымен қатар, айқын дикцияға, дұрыс тыныс алуға және көркем сөйлеуге арналған арнайы техникаларды үйретті. Шеберлік сабағында тек Петропавл қаласының тұрғындары ғана емес, облыстың түрлі аудандарынан келген қатысушылар да болды.

СНХ:ВИКТОРИЯ ПОЗОЛОТИНА, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ