Облыс орталығында Ұлттық домбыра күні ерекше сән-салтанатпен аталып өтті. Қазақтың қазыналы өнерін ұлықтаған мерекелік іс-шара Ақан сері атындағы филармонияда ұйымдастырылды. “Даламның үні – домбыра” атты гала-концерт аясында сахна төріне облыс пен қаланың филармониялық шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ дәстүрлі ән мен күй орындаушылары шықты.


Салтанатты іс-шараға келгендер ұлттық өнердің құдіретіне тағы бір мәрте көз жеткізді. Кеш барысында домбыра ұстаған 20-дан астам өнерпаз күй төгілтсе, әншілер мен мың бұралған бишілер сахнаның сәнін келтірді. Бұл өнер кеші халқымыздың рухани байлығын айшықтап, ұлттық өнерімізді ұлықтауға арналды.Филармония сахнасында қазақтың төл өнері кеңінен дәріптеліп, жас ұрпақтың ұлттық мұраға деген құрметі айқын көрініс тапты.

СНХР: БІРЖАН ЕСЖАН, АҚАН СЕРІ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛАРМОНИЯНЫҢ КӨРКЕМДІК ЖЕТЕКШІСІ


«Әсерлі ән, көк нөсер күй» атты облыстық байқау мерекелік күннің маңызды бөліктерінің бірі болды. Өңірдің әр түкпірінен келген қырыққа жуық күйші мен дәстүрлі әнші екі кезең бойынша өнер көрсетті. Байқау нәтижесінде «Дәстүрлі әншілік өнер» номинациясы бойынша Мадина Серік бас жүлдені жеңіп алды.

СНХР: МӘДИНА СЕРІК, БАС ЖҮЛДЕГЕР


Сонымен қатар, көрермен ықыласына бөленген өнерпаз «Көрермен көзайымы» жүлдесін иеленсе, бұл күні Құрманғазы, Тәттімбет және Нұрғиса Тілендиев атындағы арнайы сыйлықтар да тапсырылды.