Астанада өткен Әлем кубогы кезеңінің финалында солтүстікқазақстандық боксшы Наталья Богданова керемет өнер көрсетіп, табандылығымен жеңіске жетті.

Финалда жерлесіміз Австралиялық боксшыға қарсы шешуші сәтте мінез танытып, Әлем кубогының жеңімпазы атанды. Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов әлеуметтік желіде "Бұл – тек жеке жетістік емес, ел мерейін асырған үлкен жеңіс! Наталья мен бапкерлеріне жаңа биіктер мен жарқын жеңістер тілеймін! Маңызды жеңіс құтты болсын!", - деп жазды.