Ұлттық домбыра күніне орай облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы ерекше акция өткізді. Перинаталдық орталыққа барып, осы күні дүниеге келген сәбиге музыкалық аспапты сыйға берді. Петропавлда мереке күні Дарын есімді нәресте өмір есігін ашты.
Ұлттық домбыра күні қарсаңында дүниеге келген сәбиге қазақтың киелі аспабы – домбыра тарту ету дәстүрге айналған. Бұл игі іс облысық Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен осымен төртінші жыл қатарынан жалғасып келеді. Былтыр дәл осы күні туған қыз балаға домбыра табысталған еді. Биыл да сол дәстүрден жаңылмай, жаңа туған сәбиге ұлттық музыкалық аспап тарту етілді.
СНХР: ЖҰЛДЫЗ САТТАРОВА, СҚО ҚХА АНАЛАР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Түнгі 1:10-да дүние есігін ашқан шақалақтың салмағы — 3100 грамм, бойы — 52 сантиметр. Екі қыздан кейін өмірге келген бұл сәби– отбасындағы көптен күткен ұл. Сәбидің анасы – Ғазиза Басымбектің айтуынша, ұлына Дарын есімін алдын ала таңдап қойған екен.
СНХР: ҒАЗИЗА БАСЫМБЕК, ПЕТРОПАВЛ ТҰРҒЫНЫ
Биыл жыл басынан бері өңірде 2000-ға жуық сәби дүниеге келді. Оның 1500-ден астамы – қала тұрғындарының көз қуанышы. Ал жыл басынан бері облыста 34 егіз бала дүние келген.