Петропавл қаласында отандық өнімдерді ұсынатын Rano Komfort Service дүкенінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл — еліміз бойынша аталмыш компанияның 52-ші сауда нүктесі. Ерекшелігі — дүкен сөрелерінде тек Қазақстанда өндірілген өнімдер қойылған. Компания өкілдерінің айтуынша, сатылымдағы барлық тұрмыстық техника мен химиялық заттар Жамбыл облысының орталығы — Тараз қаласында орналасқан зауытта өндіріледі. Бұл өндіріс орны еліміздің нарығына 2020 жылдан бері отандық тауарларды ұсынып келеді.

Rano Komfort Service компаниясының негізін қалаушы — кәсіпкер Рано Шадыханова. Оның бастамасымен құрылған кәсіпорын бүгінде 100-ден астам түрлі өнім шығарады. Олардың қатарында тұрмыстық химия, автокөлікке арналған тазарту құралдары, табиғи косметика және басқа да күнделікті қолдануға қажетті тауарлар бар. Айта кетейік— өнімдердің басым көпшілігі табиғи қоспалардан дайындалады. Бұл экологиялық таза әрі адам денсаулығына зиянсыз өнімдерге деген сұранысты арттырып отыр. Қазіргі таңда компания тек ішкі нарықты қамтамасыз етіп қана қоймай, көрші мемлекеттерге де өз өнімдерін экспортқа шығарады.

СНХ: РАНО ШАДЫХАНОВА, RANO KOMFORT SERVICE НЕГІЗІН ҚАЛАУШЫ