ҚР Парламенті Сенатының және Мәжіліс депутаттары М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетін көрді. Олар 1200 орынға арналған жатақханамен танысты. Сондай-ақ, оқу ордасында жүзеге асып жатқан жаңа әрі тың жобалар туралы баяндамаларды тыңдады.

М. Қозыбаев атындағы СҚУ 160-тан астам білім беру бағдарламасы бойынша мамандарды даярлайды. 2022 жылдан бастап оқу орны Аризона университетімен серіктестік орнатып, қос диплом алуға мүмкіндік беретін бірлескен бағдарламаны жүзеге асырды.

СНХ: ӘСЕМ РАХМЕТОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ДЕПУТАТЫ


Университте ғылыммен айналысамын деушілерге барлық жағдай жасалған. Заманауи талаптарға сай ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар жұмыс істейді. Кездесу барысында ҚР Парлементі Сенатының және Мәжіліс депутаттарына жоғары оқу ордасының қызметкерлері жасаған – арнайы жобалар таныстырылды. Солардың бірі – экологиялық таза ыдыстарды жасау технологиясы.

СНХ: ФАРИЗА МҰҚАНОВА, «АГРОНОМИЯ ЖӘНЕ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ»КАФЕДРАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ


Сондай -ақ, былтыр жоғары оқу орнында студенттерге арналған заманауи жатақхана ашылды. Қос ғимараттың жалпы ауданы – 27 мың шаршы метрді құрайды.Айта кетейік, енді өңірде жатақхана мәселесі толық шешілді. Университет басшылығының айтуынша, бұл студенттер үйі – еліміздегі тиімді жағдай жасалған үздік жатақханалардың бірден бірі.