С.Мұқанов атындағы облыстық кітапханада Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – құнды мұра» атты әдеби-музыкалық кеш өтті. Қазақтың халық аспабы өнер мен мәдениетті қадірлейтін жандарды тағы да бір шаңырақ астына жинады.
Домбыра – қазақ мұрасының символы әрі ұлттық мақтаныш. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында патриоттық рухты нығайту және дәстүрлі музыканы насихаттау. Әдеби-музыкалық кешке облыстың құрметті азаматтары, ардагерлер, ТЖД қызметкерлері, курсанттар мен жастар қатысты. Іс-шара барысында домбыраға арналған күйлер, өлеңдер мен әндер орындалды.
СНХ: ДИНА ЖАПАРОВА – СҚО ТЖД ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРДЫҢ АЛДЫН-АЛУ БӨЛІМІНІҢ АҒА ИНЖЕНЕРІ