Қыш ісі – адамдар мыңдаған жылдар бойы айналысқан көне өнердің түрі. Қазіргі таңда табиғи өнімге деген сұраныс жыл сайын артып келе жатыр. Себебі саз балшық денсаулыққа өте пайдалы. Түсірілім тобы алақанның сиқыры мен ептілігіне ерік беріп, қыштан құмыра, түрлі ыдыс жасап жүрген арт студияда болды.

Петропавлда Обаниндер отбасы саз балшықтан қолөнер бұйымдарын жасайтын шеберхана ашқан. Шеберхана ішінде жанға жайлылық сыйлайтын тыныш әрі керемет атмосфера қалыптасқан. Қыштан құмыра жасау барысында керамика дөңгелегінде жұмыс істеумен қатар, қажетіңді қалауыңша қолмен қалыптауға да болады. Бұл ептілік пен сабырлылықты талап ететін ерекше өнер.

СНХР: ОКСАНА ОБАНИНА, ШЕБЕРХАНАНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ


Бұл шеберханада сабақтар тұрақты түрде өткізіледі. Саз балшықтан қолөнер бұйымын жасауды шеберлер ең басынан үйретеді. Үйренгісі келетін кез келген адам қатыса алады. Шеберлердің айтуынша, бұл – тек техника емес, нағыз медитация.

СНХР: НИКОЛАЙ ОБАНИН, ШЕБЕР


ЗКТ:Құмыра жасаудың технологиялық тәсілдері әр түрлі. Бұл шеберханада бұйымдар қолмен және арнайы шеңбердің көмегімен жасалады.

СНХР: ОКСАНА ОБАНИНА, ШЕБЕРХАНАНЫҢ НЕГІЗІН САЛУШЫ


Қыштан құмыра жасау қол моторикасын дамытумен қатар, жүйкені де тыныштандыратын тамаша қасиетке ие.