Ел ертеңін қалыптастыратын жас мұғалімдер жиыны. Облыс орталығында Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында Педагогикалық шеберлік орталығының ұйымдастыруымен қызмет жолын енді бастаған педагогтарға арналған облыстық форум өтті. Форумға өңірдің ауыл-аймақтарынан келген 100-ден астам жас маман қатысты.

Бұл - осымен төртінші рет ұйымдастырылып отырған форум. Биылғы ерекшелігі – педагогика бағыты бойынша білім алып жатқан жоғары оқу орындарының 4-курс студенттерінің алғаш рет қатысуында. Форум барысында жас педагогтарға түрлі саланың мамандары қолдау білдіріп, кәсіби өсуге бағытталған ұсыныстар айтты. Сондай-ақ, олар заманауи білім беру жүйесін талқылап, мектеп тәжірибесіндегі озық әдістермен бөлісті.

СНХР: ЖӘНИЯ ОПАНОВА, ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ АҒА МЕНЕДЖЕРІ


«Жас ұстаз – табысқа апарар жол» республикалық форумының қатысушысы Дана Сансызбаеваның айтуынша, жасанды интеллект бүгінде мұғалімдердің сенімді көмекшісіне айналып отыр. Үш жылдық ұстаздық тәжірибесі бар ол балалардың қызығушылығын арттырып, сабақты анағұрлым әсерлі өткізу мақсатында ЖИ құралдарын тиімді пайдаланып жүргенін атап өтті. Бүгінгі форумда Дана Қайратқызы жас әріптестеріне жасанды интеллектіні сабақ үстінде қолданудың тәжірибелік тәсілдерін көрсетті.

СНХР: ДАНА САНСЫЗБАЕВА, ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ


Айта кетейік, «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» республикалық форумы биыл төртінші мәрте ұйымдастырылды. Бұл бастаманы 2022 жылдан бастап НЗМ Педагогикалық шеберлік орталығын қолға алған.