Облыс орталығында ауыл шаруашылығы өнімдерімен қатар, жемшөп жәрмеңкесі өтті. Арнайы сауда жәрмеңкесі Жұмысшы кентінде ұйымдастырылды. Мұнда үй жануарларына арналған азықты тиімді бағамен сатып алуға мүмкіндік туды. Іс-шараға облыстың барлық ауданынан 800 тоннаға жуық жемшөп жеткізілді.

Петропавлда ауыл шаруашылығы өнімдері ғана емес, жемшөп те сатылды. Арнайы жәрмеңке Жұмысшы кентінде ұйымдастырылды. Үй жануарларына тиімді бағамен азық іздегендердің дені - қалалықтар. Айбек Нұртазиннің 10 шақты қойы бар. Азамат Шопан ата төлдері үшін 3-4 орам шөп алмақшы.

СНХ: АЙБЕК НҰРТАЗИН, қала тұрғыны


Әдеттегідей жәрмеңкеде сатылғанның құны төмен. Мысалы, шөптің орамы - 5 мыңнан, ал сабандыкі 3 мың теңгеден саудаланды. Бұл нарықтағы бағадан 20 пайызға төмен. Қызылжар ауданындағы Бәйтерек ауылынан тонналап мал азығы жеткізіліпті. Шаруалар дәруменге бай жемшөп толықтай сатылады деген сенімде.

СНХ: НҰРСҰЛТАН ХУАТОВ, Қызылжар ауылдық округінің әкімі, Қызылжар ауданы


Мал ұстайтын қала тұрғындары жәрмеңкелерді тиімді пайдаланған жөн. Сапа мен баға жайы түсінікті. Қар түспей тұрып мал азығы үйге жетсе, қысқа алаңсыз кіруге болады. Яғни, тапшылық туындамайды.

СНХ: ЭЛЬВИРА ВАСИЛЬЕВА, Ноғайбай би ауылдық округінің әкімі, М.Жұмабаев ауданы


Қоса кетейік, жәрмеңкеге облыстың барлық ауданынан 800 тоннаға жуық жемшөп жеткізілді.