Республика күніне орай солтүстікқазақстандық механизатор Мұрат Қаражұманов Ақордада құттықтау қабылдады. Өндірістегі жоғары жетістіктері мен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін оған еліміздің ең жоғары мемлекеттік марапаты - «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Салтанатты жиын барысында Мұрат Қаражұмановқа «Алтын Жұлдыз» белгісі мен «Отан» ордені табыс етілді. Облыс әкімдігінде еңбек еріне арналған құрмет көрсету жиыны өтті.
Солтүстік Қазақстан облысы биыл да үздік көрсеткішке қол жеткізді. Екінші жыл қатарынан өңір диқандары мол өнім жинап, рекорд жаңартты. Бұл марапат - бір адамның ғана емес, барша ауыл еңбеккерлерінің маңдай тері мен қажырлы еңбегіне берілген әділ баға.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мұрат Қаражұманов – “Мамбетов и К” командиттік серіктестігінің еңбеккері. Ол 1964 жылы 11 қаңтарда Мамлют ауданының Бексейіт ауылында дүниеге келген. Саладағы еңбек өтілі - 44 жылдан асады.
СНХ: ЕРКЕБҰЛАН МӘМБЕТОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ
Салтанатты жиында СҚО құрметті азаматы, еңбек ардагері Құдайберген Қалиев Қаражұмановтар әулетінің аймақ дамуына қосқан сүбелі үлесін тілге тиек етіп, олардың қажырлы еңбегін жоғары бағалады.
СНХ: ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, СҚО ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ
Мұрат Кеңесұлы өз ісінің шебері ғана емес, сонымен қатар жас мамандарға тәлімгер. Ол әріптестерін ауыл шаруашылық техникаларын жөндеу мен қызмет көрсетуге үйретеді.
СНХ: ГЕННАДИЙ ЗЕНЧЕНКО, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Жиын барысында құрметке ие болған азамат залда отырған жандарға, өзіне көрсетілген құрмет үшін ризашылығын білдірді.
СНХ: МҰРАТ ҚАРАЖҰМАНОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК ЕРІ
Бүгінде осы салада еңбек ететін 30-дан астам Қаражұмановтар әулетінің ортақ еңбек өтілі 600 жылдан асады. Мұрат Қаражұмановтың жетістігі ауыл еңбеккерлеріне мақтаныш сыйлайды.