Петропавлдың орталық алаңында 25 қазан – Ұлттық мереке Республика күніне арналған Мемлекеттік ту көтеру рәсімі өтті. Алдымен Көк байрағымыз көкке көтеріліп, Әнұран шырқалды.
Салтанатты іс-шараға Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, зиялы қауым өкілдері, жастар мен қала тұрғындары қатысты. Тұрғындар бір-бірін мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін арнады.
Айта кетейік, мемлекеттік егемендік туралы Декларацияның қыблданғанына биыл 35 жыл. Ұлттық мереке ретінде аталып отырғанына 3 жыл толып отыр. Мерекелік іс-шарада патриоттық әндер шырқалды.