Республика күні қарсаңында ел парламенті мәжілісіндегі депутаттар мен қызметкерлері марапатталды. Мәжіліс спикері мерекенің мән-маңызына тоқталып, Мемлекет басшысының қолынан «Парасат» орденін алған Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Татьяна Савельеваны құттықтады. Сондай-ақ, бірқатар депутаттар мен Мәжіліс Аппаратының қызметкерлеріне мемлекеттік награда табыстады.
СНХ: ЕРЛАН ҚОШАНОВ ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ