Өңір жетекшісі жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды. Ғауез Нұрмұхамбетов Бірлік ауылындағы жаңадан ашылған медициналық пункт жұмысымен танысты. Нысан құрылысына жеке кәсіпкердің қаржы есебінен 25 млн теңге жұмсалған. Мұнда 200 адамға медициналық қызмет көрсетіледі.
Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов жұмыс сапарымен Шал ақын ауданында болды. Өңір жетекшісі ең алдымен Бірлік ауылындағы жаңадан ашылған медициналық пункттің тыныс-тіршілігімен танысты. Нысанды жергілікті кәсіпкер өз қаражатына салған. Ғауез Торсанұлы облыста жұмыс істеп жатқан серіктестіктер әрдайым елді мекендердің дамуына атсалысуы керектігін айтты.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
СНХ:КҮЛӘНДА ҚАСЫМОВА, Бірлік ауылының тұрғыны, Шал ақын ауданы
СНХ:ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Жұмыс сапары барысында облыс әкімі "Повозочное-Баян-Архангелка" облыстық маңызы бар жолдағы орташа жөндеу жұмыстарымен танысты. Ендігі жылы адам көргісіз күйде болған 15 шақырым жолға асфальт төселеді. Жоба құны - 1 жарым млрд теңге. Автөкөлік жолдарының жай-күйі - ең өзекті мәселенің бірі. Шал ақын ауданында бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылған.
СНХ:ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Биыл Шал ақын аудандық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Облыс әкімі нысанға келіп, атқарылған жұмыспен танысты. Қазіргі таңда ғимараттың іші де, сырты да адам танымастай өзгерген. Жаңартылған медициналық мекеме тұрғындардың тиісті ем-дом қабылдауына мүмкіндік береді.
Өңір жетекшісі барған келесі нысан - Кәкімбек Салықов атындағы орта мектеп. Биыл білім ұясында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жоба құны - 135 млн теңге. Білім ұясының мұғалімдері жасанды интеллектіні өз пайдасына жаратуда. Мектеп ұжымы "Protector AI" бағдарламасы арқылы нысандағы жағдайға бейнеталдау жүргізеді. Егер балалар агрессивті мінез-құлық танытса, яғни төбелессе, жүйе директордың телефонына бірден бейнеролик жібереді.
СНХ:АСЫЛ УАИСОВА, К.Салықов атындағы орта мектептің директоры, Шал ақын ауданы
Ғауез Торсанұлы білім ұясының әр кабинетін аралады. Балалармен тілдесті, істеп жатқан жұмыстарын көрді. Атқарылған іске оң бағасын берді. Айта кету керек, мектепте 300-ден астам бала тәлім алады. Оларға 45 мұғалім сабақ береді.
Кейін өңір жетекшісі ауданның жылыту маусымына дайындығын тексерді. Қазіргі таңда аталған аймақта 71 қазандық бар. Маңызды кезеңді ойдағыдай атқару үшін 15 мың тоннадан астам көмір қажет.
СНХ:ҚАЙРАТ ОМАРОВ, Шал ақын ауданының әкімі
Бұл күні Сергеевкада аудандық IT-орталық ашылды. Мұнда жастарға жасанды интелектіні қалай қолдану қажеттігі үйретілетін болады. Ел бойынша аудандарда мұндай нысан алғаш болып теріскей өңірінде қолданысқа берілді.
СНХ:(ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Бұдан кейін облыс әкімі ауданның еңбек ардагерлерімен кездесу өткізді. Өнегеге толы кездесу барысында аға буын өкілдері аталған аймақтың тарихына терең бойлады.
Облыста кәсіпкерлерге ерекше қолдау көрсетілуде. Соның бір дәлелі - Шал ақын ауданында өңірге танымал сауда желісінің супермаркеті ашылды. Дүкен жұмысымен танысқан аймақ басшысы оң бағасын берді. Нысанның құрылысына 400 млн теңге жұмсалған. Сауда орнының ашылуымен 70 адам жұмыспен қамтылыпты.