24 қазан - Қазақстанда Кітапханашылар күні аталып өтеді. Бүгінде елімізде 12 мыңға жуық кітапхана бар, олардың қорында 73 миллионнан астам кітап сақталған. Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында осы мерекеге арналған салтанатты іс-шара өтті. Мұнда сала мамандары түрлі марапатқа ие болды.
Солтүстік Қазақстан облысында 756 кітапхана жұмыс істейді. Онда мыңдаған кітапханашы қызмет етеді. Жыл сайын өңір кітапханаларына 4,5 миллионнан астам адам келеді.
СНХ: БЕЙБІТГҮЛ ӘБІЛМАЖИНОВА С. МҰҚАНОВ АТЫНДАҒЫ ОБЛЫСТЫҚ ӘМБЕБАП-ҒЫЛЫМИ КІТАПХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Сала үздіктері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің төсбелгілерімен, құрмет грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Солардың қатарында осы мамандыққа 47 жылын арнаған Шолпан Ертаева да бар.
СНХ: ШОЛПАН ЕРТАЕВА
Сонымен қатар «Кітапханашының аспаздық кітабы» жобасының қатысушылары марапатталды. Байқауға 70-ке жуық адам қатысты.