Өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындармен кездесті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық жетістіктері мен өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда, әлеуметтік осал топтарға арналған тұрғын үйлер салу, жолдарды жөндеу, кадр тапшылығын шешу және жастарға білім беру саласындағы жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуде. Кездесу соңында аудан дамуына үлес қосқан еңбеккерлер марапатталды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов Шал ақын ауданына жұмыс сапары барысында тұрғындарымен кездесті. Жиынға басқарма басшылары да шақыртылған. Тиісінше, азаматтар өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қоя алады. Кездесу аудан әкімі Қайрат Омаровтың есебімен басталды. Биыл ауданда ауыз толтырып айтатындай жетістіктер жетерлік. Мәселен, әлеуметтік осал топтарға арналған 20 тұрғын үй салынуда.

СНХ:ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Ағымдағы жылы ауданда 500-ге жуық адамның екі қолына бір күрек табылған. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызға дейін төмендеді. Қазіргі таңда өңірде білікті дәрігер ат басындай алтыннан қымбат. Аталған аймақта кадр тапшылығы мәселесі де оң жолға қойылыпты. Қаладан ауылға келген медициналық қызметкерлерге 8 жарым млн теңгеге дейін жәрдемақы беріледі.

СНХ:ҚАЙРАТ ОМАРОВ, ШАЛ АҚЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ


Аудан әкімінің баяндамасынан кейін кезек сұрақ-жауапқа келді. Афанасьевка ауылының тұрғыны Нұрсұлу Төлеубайқызын жол мәселесі алаңдатады. Осыдан 3 жыл бұрын аталған елді мекеннен аудан орталығына апаратын жол жөндеу көрген. Бірақ, қазіргі таңда ойқы-шойқы күйге еніпті.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ


Сұрақ-жауап аяқталғаннан кейін Ғауез Нұрмұхамбетов көпшілікпен аймақта атқарылып жатқан ілкімді істермен бөлісті. Қазіргі таңда облыста 900 млрд теңгенің 51 инвестициялық жобасы жүзеге асуда. Нәтижесінде алдағы уақытта 7 жарым мыңнан астам теріскейлік жұмыспен қамтылады. Өңірде соңғы 5 жылда жалпы ауданы 1 жарым мың шаршы метр көппәтерлі үй қолданысқа берілген. 80 мыңнан астам жерлесіміз баспаналы болыпты.

СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ