Республика күні халқымыздың дербес ел болуына жол ашқан қастерлі күн. Ұлттық мерекеге арналған салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деді. Осыдан 35 жыл бұрын Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Көп ұзамай еліміз Тәуелсіздік байрағын көтерді. Қазақстан – Конституция бойынша әлеуметтік мемлекет. Сондықтан соңғы жылдары халықтың әл-ауқатын арттыру үшін аса маңызды қадамдар жасалды. 2019 жылы ауқымды реформалар қолға алынды. Қазақстан жаңа тұрпатты ел болу жолына түсті. Соңғы 6 жылда экономикамыз 16 пайызға өсті. Ауыл шаруашылығы, өндіріс, көлік-транзит, білім беру, медицина және басқа да салалар қарқынды өсім бар. Жиын барысында Президент түрлі саланың дамуына елеулі үлес қосқан сала мамандарын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
СНХ: ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ