Петропавлда оқушылардың өзін өзі басқару көшбасшыларының облыстық форумы өтті. Жиынға өңірдің түрлі аудандарынан келген 150-ге жуық білім алушы қатысты. Іс-шарада белсенділік танытып, үздік атанған 5 оқушы Атырауда өтетін республикалық деңгейдегі форумға қатыспақ.
Форум барысында қатысушылар бес секцияға бөлініп, әр команда мектеп өмірін жақсартуға бағытталған өз жобаларын әзірледі. Оқушылар пікірталастарда, командалық ойындар мен түрлі тренингтерде белсенділік танытып, көшбасшылық және шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
СНХ: ДИАННА ҚАЗБЕКОВА, ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҚТЫҢ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ
Жалпы, іс-шараның мақсаты – жас буын арасында көшбасшылық қабілетті дамыту, белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыру және мектептердегі өзін-өзі басқару жүйесін жетілдіру болды.
СНХ: ЖАНЕЛЬ МҰҚАНОВА, МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ
Форум соңында қатысушылар марапатталып, оларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Сондай-ақ үздік атанған бес оқушы Атырауда өтетін республикалық деңгейдегі форумда өңір атынан қатысады.