Ұлттық мереке Республика күніне орай тәртіп сақшылары құрметке бөленді. Салтанатты жиында бірқатар сала қызметкері түрлі марапатқа ие болды. Іс-шараға өңір жетекшісі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, мерекемен құттықтады.

Тәртіп сақшыларына құрмет көрсетілді. Ақан сері атындағы облыстық филармонияда полиция департаментінің жеке құрамы мен олардың отбасы мүшелеріне арналған салтанатты жиын өтті. Іс-шара Республика күніне орай ұйымдастырылды. Салтанатты жиынға аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысып, қызметкерлерді мерекемен құттықтады.

СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі


Полицейлер қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде күні-түні қызмет етеді. Осыған орай облыс әкімі айтулы күні бірқатар полиция қызметкерін марапаттады.


Құрмет грамотасына ие болған жандардың бірі - Айгүл Жұматаева. Нәзікжанды полиция қызметкері болып 20 жыл бойы еңбек етіп келеді. Бүгін еңбегі ақталды.

СНХ: АЙГҮЛ ЖҰМАТАЕВА, СҚО ПД аға инспекторы


СНХ: АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ, СҚО ПД бастығы

Айдын Қабдұлдинов қызметтік міндетін адал және кәсіби деңгейде орындаған бірқатар қызметкердің еңбегін ведомстволық марапатпен атап өтті. Олардың арасында сала ардагерлері де бар.