Есіл ауданының білім беру саласында оң өзгерістер байқалады. Петровка ауылындағы аграрлы-техникалық колледжде студенттер заманауи талаптарға сай білім алып, өндірістік тәжірибеден өтсе, аудан орталығындағы Аяған Шәжімбаев атындағы №3 Явленка орта мектебінде күрделі жөндеу жүргізіліп, оқу процесі жаңаша деңгейде жалғасуда. Сонымен қатар, тірек мектептер қатарына енген бұл білім ордасы оқушыларға сапалы білім мен жан-жақты даму мүмкіндігін ұсынып келеді. 

25 жылдық тарихы бар №3 орта мектеп бүгінде – заманауи білім беру мекемесі. Мұнда 385 оқушы білім алып, 52 ұстаз еңбек етеді. 2022 жылдан бастап мектеп тірек мектептер қатарына енген. 2023 жылы білім ордасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, мектеп жаңа кейіпке енді. "Қазақстан халқына" қорының қолдауымен мектепке қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталды.

СНХР: НАЗГҮЛ ТЕМІРБОЛАТОВА, АЯҒАН ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЖҰМЫСТАР БОЙЫНША ОРЫНБАСАРЫ


Ертай Оспанов – осы білім ордасының алғашқы директоры. Ол мекетепте 22 жыл бойы табанды еңбек етті. Бүгінде зейнет демалысында болса да, мектеп қабырғасындағы жылдарын ерекше сағынышпен еске алады.

СНХР: ЕРТАЙ ОСПАНОВ


Мектепте 3D модельдеу, лазерлік станоктармен жұмыс істеу сияқты қосымша үйірмелер бар. Оқушылар теориялық білімін тәжірибемен ұштастырып келеді.

СНХР: ЕРСҰЛТАН ПАРАХАТОВ, АЯҒАН ШӘЖІМБАЕВ АТЫНДАҒЫ №3 ЯВЛЕНКА ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ПЕДАГОГЫ


Ата-аналар балалардың жетістігіне қуанып, ұстаздар қауымына алғысын білдіруде. Мектеп оқушылары түрлі пәндік олимпиадалар мен жарыстарда үздіктер қатарында.

СНХР: ФАТИМА МҰСТАФИНА, АТА-АНА


Ал Есіл ауданына қарасты Петровка ауылындағы аграрлы-техникалық колледжде бүгінде жүзден астам студент білім алуда. Колледжде механизация, аспаздық және дәнекерлеу ісі сияқты жұмысшы мамандықтар бойынша кадрлар даярланады. Оқу орны дуалды оқыту жүйесін енгізіп, жасанды интеллект элементтері бар бағдарламаларды қолданысқа енгізген. Студенттердің білім алуымен қатар, спортпен шұғылданып, жайлы ортада өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.

СНХР: ЕРЛАН САЛМҰҚАНОВ, ПЕТРОВКА АГРАРЛЫ-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ ДИРЕКТОРЫ


Бүгінде Явленка ауылының тірек мектебі – білім мен жаңашылдықтың ордасы. Заманауи жабдықтармен қамтылған оқу ордасы ауыл балаларына сапалы білім мен жан-жақты даму мүмкіндігін ұсынып отыр.