Петропавл қаласында Республика күніне арналған дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. М.Жұмабаев көшесінде өткен іс-шараға облыс аудандары мен Петропавл қаласының барлық тауар өндірушілері қатысты. Жәрмеңке сөрелеріне қойылған өнімдер нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен ұсынылды.
Жәрмеңкеге облыс әкімі де қатысып, тауар өндірушілермен тілдесті, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасымен танысты. Сондай-ақ өңір басшысы мұндай іс-шаралардың отандық өндірушілерді қолдап, халықты қолжетімді өніммен қамтамасыз етудегі маңыздылығы зор екенін атап өтті.
Жәрмеңкеге 100-ден астам жергілікті тауар өндіруші қатысып, тұрғындарға өз өнімдерін ұсынды.
СНХ: ДӘУРЕН ТОҚҚОЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Жалпы күзгі жәрмеңке аясында өңіріміздің тауар өндірушілері барлығы 1205 тонна өнім әкеліп, оны халыққа ұсынды. Олардың ішінде 600 тоннасы азық-түлік өнімдері болса, қалған бөлігі – мал азығына арналған әртүрлі өнімдер болды. Іс-шара барысында Аққайың ауданының да шаруалары белсенді қатысып, өздерінің балғын өнімдері мен ауыл шаруашылығы тауарларын келушілерге таныстырды. Василий Пеньков – іс-шараға құс еті және бал өнімдерін әкелген. Омарташы 15 жылдан астам уақыт бойы ара өсірумен айналысады.
СНХ: ВАСИЛИЙ ПЕНЬКОВ, ОМАРТАШЫ, АҚҚАЙЫҢ АУДАНЫ
Ал, Жамбыл ауданынан арнайы келген Саян Шайкин тұрғындарға ет өнімдерін ұсынып, оларды таныстырды. Сондай-ақ, аудан шаруалары бұл жәрмеңкеге жыл сайын қатысып тұратынын айта кеттік.
СНХ: САЯН ШАЙКИН, ОЗЕРНОЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ, ЖАМБЫЛ АУДАНЫ
Іс-шараға қала тұрғындары ерекше қызығушылық танытты. мерекелік көңіл күйде болған жұртшылық таңертеңнен бастап жәрмеңке өтетін орынға ағылды. Олар тауар өндірушілермен еркін пікірлесіп, өздеріне қажет тауарларды таңдап, сатып алып жатты.