Қызылжар ауданында Республика күніне орай аудан әкімінің қатысуымен салтанатты іс-шара өтті. Жиында ауданның дамуына елеулі үлес қосқан 25 адам арнайы құрметке ие болды. Олардың қатарында қоғамдық өмірге белсенді қатысқандар, су тасқыны кезінде ерлікпен қызмет атқарғандар және ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген мамандар бар.
Жиын басында Қызылжар ауданының әкімі Бейбіт Исманов мәдениет үйіне жиналған жұртшылыққа Республика күніне орай ізгі тілегін жеткізді. Аудан дамуы мен ел бірлігін атап өтіп, тұрғындарды мерекемен құттықтады. Салтанатты іс-шара ары қарай марапаттау рәсімімен жалғасты. Құрметке ие болғандардың бірі - 40 жылға жуық ұстаздық өтілі бар Наталья Долганова.
СНХ: НАТАЛЬЯ ДОЛГАНОВА, ВАГУЛИНО ОРТА МЕКТЕБІНІҢ МҰҒАЛІМІ
Салтанатты іс-шарада күміс алқа иегерлері, түрлі байқаулар мен номинациялардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сондай-ақ ең үздік әлеуметтік кәсіпорындар марапатталды. Су тасқыны кезінде еңбектенген азаматтар да назардан тыс қалмады.
СНХ: ЖОЛАМАН ҚАБДУЛЛИН, ҚЫЗЫЛЖАР АУДАНЫ №13 ӨРТ СӨНДІРУ БӨЛІМІ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Салтанатты жиын соңында концерттік бағдарлама ұсынылды. Көрермендер өнерпаздардың ән биімен мерекелік көңіл-күйге бөленді.