Өңірдегі қысқы маусымға дайындық барысы пысықталды. Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов коммуналдық және жол қызметтерінің, энергетикалық және авариялық-құтқару бөлімшелерінің алдағы қысқа дайындығын тексерді.

Жалпы ағымдағы кезеңде облыс бойынша 232 жылыту пункті қарастырылған. 999 арнайы техника және 1 863 қызметкер жұмылдырылады. Қажетті отын, реагенттер мен инертті материалдардың қоры дайын. Жылыту жүйелері мен арнайы техниканың жарамдылығы толық қамтамасыз етілген.

СНХР: ЕРДЕН ШОРТЫБАЕВ –СҚО ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Жергілікті жолдардың жалпы ұзындығы....жұмыстары жүргізілуде.

СНХР: СЕРІК МҰХАМЕДИЕВ – ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ

.

Қала аумағындағы жолдардың жалпы ұзындығы – 366 шақырым. Біз оларды 8 секторға бөлдік. 8 ұйым әр секторға қызмет көрсететін болады. Қар шығаруға жалпы 170 бірлік арнайы техника жұмылдырылады. Биыл қар тазалау қызметтерін цифрландыру қолға алынады. Бұл бағытта жасанды интеллект элементтері де қолданылмақ. Қазір арнайы бағдарлама әзірленіп жатыр, ол 10–15 күн ішінде дайын болады деп жоспарлануда. Әрбір техника GPS навигатормен жабдықталады. Бұл навигаторлар жүйеге қосылып, жұмыстың орындалу барысын онлайн бақылауға мүмкіндік береді.

Қауіпті жағдайда өртті тиімді сөндіру үшін де IT-технологиялар қолданылады. Мұның мүмкіндігін өрт сөндіру роботы іс жүзінде көрсетті.


Ал қаладағы қар тазалау жұмыстарына «Благоустройство север» ЖШС толық дайын екендіктерін жеткізді.

СНХР: АСХАТ ЖӘНІБЕКОВ – «БЛАГОУСТРОЙСТВО СЕВЕР» ЖШС ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Бүгінгі күні бізде 65 техника дайын тұр. Барлығы жеткілікті. Соның ішінде 4 грейдер, 30 самосвал, // 7 қар жинайтын машина дайын тұр.

Өңір басшысы басты міндет - халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қысқы кезеңде барлық салалардың тұрақты қызметін ұйымдастыру екенін атап өтті. Осы ретте жауаптыларға бірқатар тапсырма жүктелді.