Республика күніне орай Орталық алаңында мерекелік концерт өтіп жатыр. Бұл – еліміздің егемендігін айшықтайтын маңызды күн. Мерекелік көңіл-күй, ән мен би, патриоттық рух – бәрі де осы алаңда


Республика күніне орай қала орталығы бүгін мерекелік көңіл-күйге бөленді. Таңертеңнен бері тұрғындар түрлі мәдени іс-шараларға куә болды. Қазір орталық алаңда қалалық мәдениет үйінің әртістері концерттік бағдарлама ұсынып жатыр. Сахнада ел мен жерге деген сүйіспеншілікті ұлықтайтын рухты әндер орындалып, көрермендердің ықыласына бөленуде. Сондай-ақ балалар мен жастарға арналған қызықты ойындар мен танымдық іс-шаралар ұйымдастырылды.

СНХР: РУСЛАН МҰСТАФИН, ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ СОЛИСІ

Алаңда халықтың қарасы қалың. Күзгі шуақты күн мерекенің ажарын ашып тұр. Жиналған жұрттың көңіл-күйі көтеріңкі, барлығы бір сәтке ел болып қуанып, рухани әсер алуда.


Бұл күн — халқымыздың азаттығына деген мақтаныштың, бірлігіміз бен елдігіміздің белгісі. Республика күні ел жүрегінде мәңгілік сақталатын мерекелердің бірі.