«Солтүстік Қазақстан облысының Жастар мәслихаты» жастар қоғамдық бірлестігі ұл-қыздарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу мақсатында арнайы іс-шаралар өткізіп келеді. Бүгін кезекті кездесу Қызылжар ауданы Новоникольское ауылында өтті. Жиын барысында жастармен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген азамат кездесіп, өз тәжірибесімен бөлісті.

Іс-шараның мақсаты – жастардың әскери қызметке деген қызығушылығын арттыру, азаматтық жауапкершілікті нығайту және отансүйгіштік құндылықтарды қалыптастыру. Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери өмірдің ерекшеліктері мен сарбаздардың күнделікті тәртібі туралы кеңінен мағлұмат алды.


СНХ:ТИМУР ӘЛЖАНОВ, «СҚО ЖАСТАР МӘСЛИХАТЫ» ҚБ ТӨРАҒАСЫ


Негізінен, оқушылармен бұл бағытта мұндай іс-шаралар үнемі өткізіліп келеді. Бүгінгі кездесуге 10–11 сыныптарда оқитын 20 оқушы қатысты. Жиын барысында «Солтүстік Қазақстан облысының Жастар мәслихаты» қоғамдық бірлестігінің атынан шағын сыйлық табыс етілді.


СНХ:НИКИТА КИРИЛЛОВ, Г.ЗЕНЧЕНКО АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ


Жиында айтылған ақпараттар оқушылар үшін өте пайдалы болды. Кездесу барысында олардың әскер туралы көзқарасы оң бағытта өзгерді. Сондай-ақ кездесу соңында оқушыларға автомат бөлшектеу және жинау бойынша шеберлік сабағы өтті.