Петропавл қаласында жылдағы дәстүрге сай Республика күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кеш барысында облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов солтүстікқазақстандықтарды ұлттық мерекемен құттықтап, өңірдің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттады.
Мерекелік іс-шара көпшілікті тарихи сәттерге жетелейтін әсерлі тақырыптық көрмеден бастау алды. 25 қазан – тәуелсіздікке бастар алғашқы қадам ретінде ел жадында сақталған айрықша күн. Бұл дата — ел тарихындағы жаңа саяси кезеңнің басталуы. Ол халқымыздың азаттыққа, ұлттық болмысты жаңғыртуға деген асқақ мұратын айқын көрсетеді. Сол кезеңнен бері Солтүстік Қазақстан облысы барлық бағытта тұрақты дамып, қарқынды өсім көрсетіп келеді.
СНХР: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СҚО ӘКІМІ
Қазақстанға сіңірген ерекше еңбегі үшін берілетін ең жоғары мемлекеттік марапат – «Барыс» ордені Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Еңбек ардагері, СҚО Құрметті азаматы Құдайберген Қалиевке табысталды.
СНХР: ҚҰДАЙБЕРГЕН ҚАЛИЕВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ
Сондай-ақ экономика, әлеуметтік сала, ғылым мен мәдениет, білім беру және мемлекеттік қызметте айрықша жетістікке жетіп, қоғамдық белсенділігімен көзге түскен азаматтар «Құрмет» орденімен марапатталды. Бұл күні еңбек ардагерлері де назардан тыс қалмады. 47 жылын энергетика саласына арнаған Александр Фоминыхтың еңбегін бүгінде оның ұрпақтары лайықты түрде жалғастырып келеді.
СНХР: АЛЕКСАНДР ФОМИНЫХ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ
1990 жылдың 25 қазаны – Қазақстан тарихындағы айтулы күн. Осы күні еліміздің аумақтық тұтастығын және егемендігін айқындаған Мемлекеттік егемендік туралы Декларация қабылданды.